Accessibility links

Жоао Соареш: Қазақстан ЕҚЫҰ аясында серпінді төраға болады


Бүгін Астанада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Жоао Соареш Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.

Мемлекет басшысымен кездесуден шыққан Соареш Парламенттік Ассамблея Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төраға болуға ұсынған кандидатурасын әрдайым қолдап келді деді.

«Қазақстанда діни толеранттық саласында ілгерілік байқалады, енді біз осындай жетістіктер саяси толеранттықта болады деген үміттеміз деді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының парламенттік ассамблеясының төрағасы Жоао Соареш.

Ол сондай-ақ Қазақстан "ЕҚЫҰ аясында серпінді төраға болады" дегенге сенім білдіріп, "президентпен кездесуімде мен осыған тоқталдым" деген.
XS
SM
MD
LG