Accessibility links

Пәкістанның Пешавар аймағында жарылыс болды


Пәкістанның тұрақсыз солтүстік-батыс аймағындағы жарылыс болып, кемінде 20 адам қаза тапты.

Полиция ресмилері жарылыс Пешавардан 40 шақырым жердегі Чарсадда қаласында орын алды деді.

Хабарларға қарағанда, шабуылды жанкешті жасаған, бірақ кейбір ақпараттарда жарылғыш зат қойылған көлік жұрттың көп жиналған жеріне келіп жарылды делінген.

Пәкістанның Пешавар аймағында үшінші күн қатарынан адам шығандарын әкелген жарылыстар жалғасып жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG