Accessibility links

Сауд Арабия йемен бүлікшілері кеткенше бомбалайтынын айтты


Саудияның қорғаныс министрінің орынбасары ханзада Халед бин Султан йемен бүлікшілері шекарадан кеткенше әуе соққысын беретінін мәлімдеді.

Бин Султанның мәлімдемесі Хути тайпасына жататын шиит көтерілісшілерінің өздеріне қарсы Сауд Арабияның бомбалық шабуылдары болып жатыр деп айтқанын растап отыр.

Шиит көтерілісшілерінің айтуынша, шекараға жақын Йемен ауылына болған ол шабуылдан екі әйел мен бір бала қаза тапқан.

Бұл тұста Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттаки Теһран йемен шииттерін қолдап отыр дегенді жоққа шығарып, өз елінің бұл аймақтың тұрақтылығын қолдайтынын алға тартқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG