Accessibility links

Ауған сыртқы істер министрі жаңа үкімет жемқорлықтан ада болады деді


Бүгін Ауғанстанның сыртқы істер министрі Рангин Дадфар Спанта жаңа ауған үкіметі өте таза әрі шыншыл болады деді.

Оның бұл сөзі Кабулды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске шақырып отырған халықаралық үндеулерден кейін айтылды.

Ауған сыртқы істер министрі Спанта Еуропа Одағының төрағасы, швециялық әріптесімен келіссөздерден кейін жаңа үкіметтің жемқорлықтан ада болатынына сөз берді.

Оның айтуынша, президент Хамид Карзай үкіметіне жаңа, белсенді әрі шындыққа жақын жүретін адамдар келеді.
XS
SM
MD
LG