Accessibility links

Байқоңырдан ғарыш кемесі ұшырылды


«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Прогресс М-МИМ2» ғарыш кемесін тиеген «Союз-У» 121 зымыран тасығышы ұшырылды деп хабарлады Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі.

Ұшырылым сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20.22-де сәтті жүзеге асырылған.

«Прогресс М-МИМ2» арнайы ғарыш жүк кемесі ресейлік «Поиск» модулін Халықаралық ғарыш бекетіне жеткізеді.
XS
SM
MD
LG