Accessibility links

Словения президенті жұмыс бабымен Қазақстанға келді


Кеше кешкісін іс сапармен Астанаға келген Словения президенті Данило Тюрк бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп жоспарланды.

Мемлекет басшыларының жүздесуі барысында екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланып, соның нәтижесінде бірлескен құжатқа қол қойылады делініп отыр.

Бұдан бөлек, президент Тюрк өзінің сапары барысында қазақстандық-словениялық іскер форумына қатысып, Астанадағы жоғарғы оқу орындарының бірінде дәріс оқиды деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG