Accessibility links

Парламент отырысы Астанадағы өрттің құрбандарын еске алумен басталды


Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары сәрсенбілік жалпы отырыста Астанадағы өрттің құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Осындай ұсынысты төменгі палатаның спикері Орал Мұхамеджанов жасаған.

14 адамның өмірін жалмаған өрт дүйсенбі күні кешкісін Астана шетіндегі көкөніс қоймасында тіркелген болатын. Алдын ала болжам бойынша, өрт қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан тұтанған. Қазіргі таңда бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG