Accessibility links

Жоғарғы сот Евлоевқа шығарылған үкімді өзгертпеді


Сейсенбі күні Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Олег Евлоев пен Дмитрий Тянге шығарылған сот үкімін күшінде қалдыру туралы шешім шығарды.

Биыл 16 маусымда Астана қалалық соты астаналық кәсіпкер Марат Есімсейітовтың жұбайын және кәмелетке толмаған үш баласын өлтірген деген айыппен Евлоевты өлім жазасына кесу, Тянды 25 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімін жариялаған болатын.

Қылмыстық оқиға 2008 жылы 21 қазанда кәсіпкердің Астанадағы үйінде тіркелген еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG