Accessibility links

Қаржы полициясы «Альянс Банктің» бұрынғы басшыларына іздеу жариялады


«Альянс Банктің» бұрынғы басқарма төрағалары Дәурен Керейбаев пен Ерік Сұлтанқұловқа, сондай-ақ «Сеймар Альянс» қаржылық корпорациясының бұрынғы басқарма төрағасы Бейсембаевқа 1,1 млрд доллар көлеміндегі қаржыны жымқырған деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланды деп хабарлады қаржы полициясы.

Бұған дейін қаржы полициясы «Альянс Банктің» акционерлері - ағайынды Марғұлан мен Ержан Сейсембаевтарға банктің 16 млрд 919 млн теңге қаржысын жымқырды деген күдікпен іздеу жариялаған болатын.

Банктің ірі көлемдегі қаржысын жымқырған деген күдікпен істі болған тағы бір қаржыгер - «Альянс Банктің» бұрынғы басшысы Жомарт Ертаев қыркүйек айынан бері Алматыдағы тергеу абақтысында отыр.
XS
SM
MD
LG