Accessibility links

Оңтүстік Корея әскерін қатаң дайындық жағдайында ұстап отыр


Солтүстік Кореяның Сары теңіздегі кемелерімен сейсенбі күнгі қарулы қақтығыстардан кейін Оңтүстік Корея өзінің қарулы күштерін қатаң дайындық жағдайына көшірді.

Оңтүстік Корея таратқан ақпарат бойынша, кешегі қақтығыс барысында солтүстік кореялық бір офицер қаза болды, КХДР-ның кемесі қатты зақымданған.

Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Ким Тэ-ён, парламентте сөйлеген сөзінде коммунистік Корея тарапынан шабуыл жасалуы мүмкін екендігін жоққа шығармады.
XS
SM
MD
LG