Accessibility links

Қырғызстан: «доңыз тұмауына» 27 адам шалдықты


Қырғызстанда «доңыз тұмауына» шалдыққандардың саны 27-ге жетті. Ол туралы Азаттық Радиосына Қырғызстанның денсаулық министрлігінің шенеунегі Толон Исақов хабарлады.

Оның айтуынша, H1N1 тұмауының инфекциясын жұқтырғандардың дені таяуда Ресей мен басқа елдерден елге оралған еңбек мигранттары көрінеді. Тұмауға шалдыққандардың 8-і ғана ауруханаға жатқызылып, қалғандары үйлерінде емделуде. Тұмаудан қайтыс болғандар туралы әзірше хабар жоқ.

Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан «доңыз тұмауын» жұқтырған жайттарды ашық жарияласа, Өзбекстан мен Түркіменстанда аталған дертке шалдыққан оқиғалардың тіркелгені туралы еш хабар жоқ.
XS
SM
MD
LG