Accessibility links

Әзірбайжанда 2 блоггер түрмеге кесілді


Бакуде сот әзірбайжандық 2 жас блоггерді «бұзақылық істеді» деген айыппен 2 және 2.5 жыл мерзімдерге түрме жазасына кесті.

Блоггерлер Аднан Қажызаде мен Эмин Милли сот отырысы басталмай тұрып мейманханада шыққан төбелеске байланысты шілде айында тұтқындалған болатын. Олар Әзірбайжан қарсы айтқан сыны үшін өздеріне айып тағылғанын айтады.

Бұл оқиға әзірбайжан президенті Ильһам Әлиевті сөз бостандығы мен баспасөзге шектеу қойғаны үшін талай рет айыптаған Батыс елдері мен адамның құқын қорғайтын халықаралық ұйымдардың наразылығын туғызды.

Сәрсенбі күні сот үкімі шығарылғанда, сот ғимаратының сыртына жиналған жұрт 2 блоггерге бостандық берілуін талап етті.

Адвокаттар Қажызаде мен Миллидің ісі бойынша аппеляциялық шағым беретіндерін мәлімдеді. Прокуратура оларды 3 және 3.5 жылға түрмеге жабуды сұраған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG