Accessibility links

Француздар мен немістер «Бітім күні» мерекесін бірге тойлады


Франция мен Германияның басшылары алғаш рет І дүниежүзілік соғыстың аяқталуын бірге тойлады. Францияда бұл «Бітімге келген күн» мерекесі.

Неміс канцлері Ангела Меркель мен француз президенті Николя Саркози Париждегі Беймәлім жауынгердің зиратына гүт шоқтарын қойды. 1918 жылдың 11 қарашасында Германия мен Антанта одағы арасындағы соғыс қимылдарын доғаруға негіз болған Компьен бітіміне қол қойылды.

Германияға қарсы коалицияға кірген өзге талай елде осы күн түрлі атауымен мемлекеттік мереке ретінде тойланады.
XS
SM
MD
LG