Accessibility links

Ясир Арафаттың қайтыс болғанына 5 жыл толды


Сәрсенбі күні Палестина халқы тұңғыш президенті Ясир Арафаттың қайтыс болуының 5 жылға толуын атап өтуде.

Қолдарына Палестина автономиясы мен Арафаттың ФАТХ фракциясының туларын ұстаған ондаған мың халық Иордан өзенінің Батыс жағалауының саяси орталығы болып табылатын Рамалла қаласына жиналды. Олар Палестинаның тәуелсіздігі жолындағы күресті 40 жылдай бастаған марқұм Арафаттың рухына тағзым етті.

Палестина автономиясының президенті лауазымында оның мұрагері болып отырған Махмуд Аббас Палестина жеріндегі еврей қоныстарының құрылысын бейбіт келіссөзге дейін толығымен тоқтату туралы Арафаттың қойған талабын тағы қайталап айтты.
XS
SM
MD
LG