Accessibility links

Үкімет астық экспорттаушыға қойылатын талаптарды жеңілдетті


Қазақстан үкіметі астықты сыртқа шығарушыларды іріктеу талаптарына өзгеріс енгізіп, олардың лицензия алу ісін жеңілдетті.

9 қарашада қабылданған үкіметтің тиісті қаулысы бейсенбі күні ресми баспасөзде жарияланды. Құжат жарияланғаннан бастап 21 күнтізбелік күннен кейін заңдық күшіне енеді.

Үкімет қаулысы астық эскпорттаушысына лицензия алу үшін салықтық және несие қарызының жоқтығы туралы анықтаманы талап етпеуді қарастырады.

Қазақстан биыл 23 млн тоннаға жуық астық жинады.
XS
SM
MD
LG