Accessibility links

Көкөніс қоймасынан шыққан өрттен бес ресейлік қаза болғаны анықталды


Астана маңындағы көкөніс қоймасында дүйсенбі күні тіркелген алапат өрттен қаза болғандардың аты-жөндері толық анықталды. Арнайы сараптама осы уақытқа дейін белгісіз болып келген мүрде ресейлік азаматтың мәйіті деген қорытынды жасады.

Осылайша өрттен қаза болған 14 кісінің бесеуі Ресей азаматы екендігі анықталып отыр. Сот-медициналық сараптама қайғылы оқиғадан зардап шеккендер түтіннен уланып өлген деген алдын ала қорытынды жасады.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG