Accessibility links

Қазақстандық мұсылмандар биылғы қажылық сапарын бастады


Бейсенбі күні таңертең қажылыққа баратын қазақстандық мұсылмандардың алғашқы легі Алматы әуежайынан жолға шықты.

"Нұр-Қазақстан" қажылық компаниясы Алматы-Стамбул-Жидда-Медина арқылы ұшатын бірінші рейсімен 45 мұсылманды Сауд Арабиясына жеткізеді. Соңғы рейс 13 қараша күні аттанады.

Биыл Сауд Арабиясы Қазақстан мұсылмандары үшін 4 мың қажылық квотасын бөлді.

Мұсылманның бес парызының бірі - қажылық 24 қарашада басталады.
XS
SM
MD
LG