Accessibility links

Пәкістанда Иран консулдығының қызметкері өлтірілді


Пәкістанның Пешавар қаласында ирандық консулдықтың халықпен байланыс бойынша директорын белгісіз біреулер атып кетті.

Полицияның мәліметі бойынша, Абул Хасан Джафриге оның үйінің маңында қастандық әрекет жасалған. Оқпен жараланған ол қалалық ауруханада жан тапсырды. Қаскүнемдер тығылып үлгерген.

Пешавар – Пәкістанның солтүстік-батыс шекаралас провинциясының астанасы. Соңғы күндері Пешавадарда және оның төңірегінде жарылыстар көп болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG