Accessibility links

Обама ауған стратегиясын әскери жетекшілерімен талқылады


АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстандағы жаңа стратегиясын талқылау үшін әскери қолбасшыларымен кездесті.

Ақ үйдің хабарлауынша, Обама талибандармен күресу үшін Ауғанстанға 40 мың әскер жіберу керек пе деген мәселені шешуге жақын қалды.

Бұл ауған стратегиясын талқылауға арналған сегізінші кездесу болып отыр. Мұның алдында ғана жасалған сауалнамалар Ауғанстандағы соғысты қолдамайтын американдықтар саны өсіп, Обама бұл жағдайды реттей алмай отыр дегенді көрсеткен.

Әкімшілік ресмилері сәрсенбі күні Ауғанстандағы АҚШ-тың міндеттемелері аяқталмайды деген Обаманың сөзін жеткізген.
XS
SM
MD
LG