Accessibility links

Германия қорғаныс министрі күтпеген жерден Кабулға барды


Германияның қорғаныс министрі Карл Теодор Су Гуттенберг алдын-ала хабарламастан, Ауғанстан астанасына барды.

Өткен айда ғана қорғаныс министрлігіне басшы болып келген Гуттенберг Кабулда АҚШ және НАТО жетекшілерімен кездеседі.

Ол сондай-ақ германиялық сарбаздармен кездеседі. Германияның Ауғанстанда 4 мыңнан аса әскері бар. Құрбан болған германиялықтардың саны 36-ға жеткен.

Сауалнамаларда көптеген германдықтар Ауғанстандағы соғысқа елдің қатысқанын қаламайтынын көрсетіп отыр.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG