Accessibility links

Беларусте ресейлік режиссер тұмаудан көз жұмды



Ресейдің кино режиссері Мария Соловцова Минскіде тұмауға ұқсас вирустан қайтыс болды деп Азаттықтың беларус қызметі хабарлады.
Беларусь еліндегі Ресей елшілігінің өкілі Вадим Гусевтің айтуынша, режиссер Соловцова осы аптада Минскінің №3-ші емханасына тыныс алуы қиындап түсіп, сейсенбі күні қызуы қатты көтеріліп өмірден өткен.

Соловцованың өлімі доңыз тұмауынан болды ма деген мәселені анықтау үшін дәрігерлер мен оның әріптестері тексеруден өтуде. Гусевтің айтуынша, 44 жасар Соловцова Беларусте деректі фильм түсіріп жүрген.

AzattyqTV

Маңғыстау мұнайшысы

Жамбыл Бойбоздың пікірі

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG