Accessibility links

Тәжік ресмилері мерзімі өткен азық-түлікті тәркіледі


Тәжікстан ресмилері Хатлон провинциясында жергілікті емханалар мен жағдайы нашар отбасыларына қайырымдылық көмек ретінде берілген бұзылған азық-түлік тағамдарын тәркіледі.

Азаттықтың тәжік қызметінің хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі емханаларға ұсынылған Ролтон құрғақ сорпасының пайдалану мерзімі өткендіктен, оны ішу қауіпті болып отыр.

Жергілікті 4 кәсіпкер Тәжікстанның конституция күніне орай деп, мерзімі өткен 1,5 тонна Ресейде жасалған құрғақ сорпаны жергілікті халық пен ауруханаларға тегін таратқан.

Бірақ емханада жатқан науқас Жәмилә Саидова ол сорпалардың исі шығып, бұзылып кеткендіктен, оны ешкім ішпеді деген. Аудандық тазалықты бақылау мекемесінің басышысы Саид Давлатов ол сорпаларды ішу қауіпті екенін айтты.

Өткен айда осы аймақтағы ресмилер жергілікті дүкендерден Қытайда жасалған мерзімі өтіп, бұзылған 700 кило сүт ұнтағын тәркелеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG