Accessibility links

ҰҚК: «Алматының қаржы полициясы бастығының орынбасары – нашақор»


«Қайта жүргізілген сараптама Алматы қаласы қаржы полициясы бастығының орынбасары Айдын Жантелеев бұрыннан бері есірткі қабылдайтындығын көрсетті» деп хабарлады ҰҚК-нің Алматыдағы департаментінің баспасөз қызметі.

Мекеменің мәліметі бойынша, мұндай сараптама қылмыстық істі тергеу аясында Жантелеевтің есірткіге әуестігі бар-жоқтығын тексеру мақсатында жүргізілген.

Бұдан бөлек, комитет «Жантелеевтің есірткі заттарын пайдалануға, алуға және сақтауға қатысы бар екендігін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтарға ие» деп атап көрсеткен.

Бұған дейін ҰҚК 5 қараша күні Алматы қаласындағы жерасты автопаркингтердің бірінде жүргізілген шұғыл тексеру барысында қалалық қаржы полициясының орынбасары есірткімен ұсталды деп хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG