Accessibility links

Заманбек Нұрқаділовтің жұмбақ өліміне 4 жыл толды


Қарашаның 12 күні белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің қаза тапқанына төрт жыл толды.

Осыдан бір күн бұрын Алматы қаласы тұрғын үй басқармасына басшы болып тағайындалған оның ұлы Қайрат Нұрқаділов Азаттыққа арнайы сұхбат беріп, қазіргі таңда әкесінің өлімі төңірегінде шу көтерілгенін қаламайтынын айтты.

"Ол бәріне уақыт төреші, кезі келгенде бар шындық анықталады" деді.

Өмірінің соңғы жылдарында Қазақстан президентін ашық сынап жүрген Заманбек Нұрқаділовтің денесі 2005 жылдың 12 қарашасында кешке қарай өз үйінен табылған еді.

Қазақстанның сол кездегі ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов "Нұрқаділов өзіне-өзі қол жұмсаған, екі рет кеудесіне, бір рет басына оқ атып өлген" деген ресми тергеу қорытындысын жариялаған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG