Accessibility links

ЕҚЫҰ-ның бас хатшысы Астана ұйымға төрағалық етуге дайын деді


Астанада сапармен жүрген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо қазақстандық ресмилермен кездесті.

Бришамбо Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы әрі сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездесуінен кейін, Қазақстан ұйымға төрағалық етуге дайын деген пікірін білдірді.

Ол сондай-ақ Астананың ЕҚЫҰ-ға төрағалығына дайындығының соңғы кезеңінде Қазақстанға сапармен келгенін айта отырып, "алдағы желтоқсан айында ЕҚЫҰ-на қазіргі төраға Афиныда ұйымға мүше елдер cыртқы істер министрлерінің қорытынды отырысы өтеді. Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалығына қатысты көп мәселе сол кезде қабылданатын шешімдерге байланысты болады" деді.

"Бұл кездесуде талқыланатын мәселелердің ішінде қауіпсіздік жағдайы, дау-жанжалдарға жол бермеу, адам құқығы мәселесі бар" деп атап өтті ЕҚЫҰ-ның бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо.
XS
SM
MD
LG