Accessibility links

Польша Ресейдің әскери жаттығуларына алаңдаушылық білдірді


Польша өзінің шекарасына жақын жерде Ресей мен Беларустің әскери жаттығуларына байланысты алаңдаушылығын НАТО-ға жеткізді.

Сыртқы істер министрі Радослав Сикорски бұл туралы бүгін радиоға берген сұхбатында айтып, өз үкіметінің алаңдаушылығын НАТО бас хатшысына жолданған хатта білдіргенін айта келе, Расмуссеннен бұл мәселені есепке алу қажеттігін сұраған.

Қыркүйек айының соңында Ресей мен Беларустің 12 мыңдай әскері және 200 танкісі мен әуеұшақтары Польшаға жақын жерде әскери оқу-жаттығуларын өткізген.
XS
SM
MD
LG