Accessibility links

АҚШ президенті Иранға қарсы санкцияларды ұзартты


АҚШ президенті Барак Обама Иранға қарсы енгізілген санкцияларды тағы бір жылға созды.

Ақ үйдің хабарлауынша, бұл туралы президент Конгресске мәлімдеді және Вашингтон мен Теһран арасындағы қарым-қатынас әзірге реттелмегендігін атап көрсетті.

Биыл қаңтар айында билікке келгелі бері Обама дипломатиялық жолдармен Иранмен арадағы қарым-қатынастарды реттеуге күш салып келеді, бірақ Теһранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жанжал әлі шешімін тапқан жоқ.

Батыс елдері Иран құпия түрде ядролық жасап жатыр деп күдіктенеді. Теһран оны жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG