Accessibility links

Пәкістанда екі жарылыстан ондаған адам қаза болды


Пәкістанның солтүстік-батысындағы Бака Хел ауданында жарылыс болып, қастандық әрекеттен кем дегенде бес адам қаза болды, тағы он шақты кісі жараланған.

Жарылысты полиция бекетінің маңында бір жанкешті ұйымдастырған. Жарылыстан зардап шеккендердің дені - полиция қызметкерлері.

Бұған дейін Пешавар қаласында барлау бюросының ғимаратында жарылғыш тиелген көлік жарылған болатын. Соның салдарынан үш қабатты ғимарат толығымен қирады, кем дегенде 9 адам қаза болды, 50-ден астам адам жараланды.

Соңғы апталарда Пәкістанның солтүстік-батысында тіркелген жарылыстар мен шабуылдардан 300–ден астам адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG