Accessibility links

Германия Ауғанстанға жемқорлыққа қатысты ескерту жасады


Германия қорғаныс министрі Берлиннің сенімін сақтағысы келсе, ауған үкіметі қылмыс пен жемқорлықты жоюға күш салуы керек деді.

Қорғаныс министрі Карл-Теодор зу Гуттенерг бұл туралы Кабулға сапары кезінде айтып, Германия бұл мәселеде прогресті көргісі келеді деді.

Герамния парламенті желтоқсан айында Ауғанстандағы миссиясын ұлғайту керек пе, жоқ па деген мәселеге дауыс береді. Өйткені Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Германия көптеген шетелдік әскери операцияларға қатыспай келген.

Бірақ Германияның Ауғанстанда 4200 әскері бар және бұл елдегі әскер саны жағынан үшінші ел. Сауалнамалар герамниялықтар ел күштерінің бұл соғысқа қатысуына қарсылығын көрсетті.
XS
SM
MD
LG