Accessibility links

Қазақстан оппозициясы кезектен тыс сайлау өткізуге шақырды


Азат-Жалпы ұлттық демократиялық партиясының жаңа мүшесі қоғам қайраткері Балташ Тұрсынбаев Қазақстан билігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету қарсаңында кезектен тыс Парламент сайлауын өткізуі керек деген мәлімдеме жасады.

Олай болмаса 2012 жылы оның саяси салдары нашар болады дейді саясаткер. Бұл туралы Астанада біріккен оппозициялық партияның отырысында хабарланды.

Жиынға Қазақстан президенті Назарбаев төрағалық ететін биліктің «Нұр Отан» партиясының өкілдеріде қатысты.
XS
SM
MD
LG