Accessibility links

ҰҚК қаржы полициясымен күресі туралы айтылғандарды жоққа шығарды


Жұма күні ҰҚК-нің баспасөз хатшысы Қазақстанның құқық қорғау органдары өзара оның ішінде қаржы полициясымен арада күрес жүріп жатыр деген сөздерді теріске шығарды.

Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады. Астанада өткен брифингте ҰҚК-нің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров тек бұларада құқық қорғау органдарындағы кейбір шенділер түсінбестік танытып отыр деген.

Бұл мәлімдеме Алматы қалалық қаржы полициясы басшысының орынбасары Айдын Жантелеевтің тұтқындалуына байланысты айтылды.

Бекназаровтың айтуынша, Алматы қалалық ұлттық қауіпсіздік департаменттінің қызметкерлері Жантелеевті арнайы аңдыған жоқ. Ол есірткі сақтады деген азаматтарға қарсы операция болды деді.

Айдың Жантелеев 5-ші қарашада есірткі сақтады деген күдікпен қамауға алынған болатын. Қаржы полициясы ҰҚК қызметкерлері әрекетінің заңдылығына күмән келтірді.

Бұл даудан кейін бейсенбі күні прокуратура Жантелеевтің ісін өз қарауына алды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG