Accessibility links

Назарбаев банк борышкерлеріне алған ақшаларын қайтару керектігін айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев екінші деңгейдегі банк борышкерлеріне берілген несиені өтемеудің салдары туралы ескертті деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

“Мен біздің тұрғындар банк несиелерін қайтаруы керектігін айтқым келеді. Заң бар. Бұл кредиттер кепілге берілді. Сондықтан банкке кепіл мүлік немесе несие қайтарылуы тиіс. Егер банкке несиелер қайтарылмаса, банктер несімен сіздерге кредит береді,”- деп Назарбаевтың өзі жұртқа сауал тастады.

Және президент Назарбаев бұл дұрыс емес еркелік, оны тоқтату керек. Сіздер біздің елдегі заңды бұзуға тап боласыздар деп ескертті президент Назарбаев.

Сондай-ақ мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына бұл бағыттағы заңбұзушылықтарды реттеуге тапсырма берді.

Назарбаев бұл туралы тікелей эфирден халықтың сауалына жауап беру кезінде айтты.
XS
SM
MD
LG