Accessibility links

Обама Азияға сапарын жалғастыруда


АҚШ президенті Барак Обама Азияға сапарын жалғастырып, Сингапурға аттанды. Токиоға екікүндік сапары барысында Обама АҚШ Азиямен байланыстарын нығайтады деп уәде етті. Аймақтағы қауіпсіздік мәселесі өте маңызды деп атап көрсетті Обама. Ол сондай-ақ мықты, өркениетті Қытай халықтар қауымдастығы үшін "күш бұлағы" бола алады деп мәлімдеді.

Солтүстік Кореяны тілге тиек еткен Обама АҚШ Пхеньянның қауіптеріне мән бермейді деп, Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламасын тоқтатуға бағытталған алтыжақты келіссөздерге оралуға шақырды.
XS
SM
MD
LG