Accessibility links

Қытай Тайванмен сауда келіссөздерін бастауға дайын


Бейжің осы жылдың аяғына дейін Тайванмен арадағы сауда келіссөздерін бастауға әзір. Бұл туралы Қытай президенті Ху Жинтао Сингапурдағы Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық ұйымының жылдық саммитінде мәлімдеді.

Екі ел арасындағы келіссөздерде күрделі проблемаларды шетке қойып, экономикалық мәселелерді басты мақсат етуіміз тиіс деп атап көрсетті Жинтао.

Тайвань президенті Сингапурдағы басқосуға қатыспады бірақ Тайванның жоғары лауазымды ресми өкілі саммит барысында өткен конференцияда Қытай президентімен кездесті. Қытай Тайвань аралын жікшіл провинция деп есептейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG