Accessibility links

Қадыров: Шешенстанда исламшыл бүлікшілер өлтірілді


Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың мәлімдеуінше, қауіпсіздік күштері 20-ға жуық исламшыл бүлікшіні өлтірген.

Шешенстан үкіметінің интернеттегі парақшасында жарияланған мәлімдемесінде Қадыров жұма күнгі шайқаста өлтірілгендердің арасында өзін Солтүстік Кавказ "әмірлігінің" басшысы етіп жариялаған Доку Умаров та бар болуы мүмкін деген. Қадыровтың айтуынша, бүлікшілермен арадағы қақтығыс Грозныйдан 30 шақырым жердегі Шалазда орын алған.

Шешенстан үкіметінің шайқастар жөніндегі мәліметтері тәуелсіз түрде әлі расталған жоқ.
XS
SM
MD
LG