Accessibility links

Пәкістан күштері 13 бүлікшіні өлтіргендерін айтады


Пәкістан ресмилерінің хабарлауынша, елдің солтүстік батысындағы Суат жазығында орын алған шайқастарда қауіпсіздік күштері 13 бүлікшіні өлтірген.

Малаканд ауданы әкімшілігінің басшысы Сираж Ахмедтің айтуынша, Тотокан ауылы жанындағы қақтығыста 5 бүлікшінің көзі жойылған. Ал қалған 8 бүлікші Мангалтан ауылындағы операция барысында өлтірілген. Құрбан болғандардың саны тәуелсіз түрде расталмай отыр.

Суат жазығы мен оның айналасындағы аудандарда үкімет күштері Талибанға қарсы операция жүргізуде. Бұл аймақтардан 2 миллионға жуық халық өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG