Accessibility links

Ресей мен АҚШ ядролық қаруларды азайту келісімін жасамақ


АҚШ пен Ресей президенттері екі ел арасындағы ядролық қаруларды азайту жөніндегі жаңа келісім осы жылдың аяғына дейін жасалатынына сенім білдірді. Барак Обама мен Дмитрий Медведев Сингапурдағы Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумы барысында кездесті.

Обама мен Медведевтің айтуынша, Стратегиялық қаруларды азайту келісімінің техникалық және саяси мәселелері шешілуі тиіс. Бұл құжаттың мерзімі осы жылдың желтоқсан айында аяқталады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG