Accessibility links

АҚШ өкілі: Ирақ үкіметі босқындар мәселесін шешуі тиіс


АҚШ-тың ресми өкілі Ирақ үкіметі зорлық-зомбылық салдарынан босып кеткендердің үйлеріне оралуы үшін көбірек жұмыс атқаруы тиіс деп мәлімдеді. АҚШ мемлекеттік хатшысының босқындар бойынша көмекшісі Эрик Швартцтың айтуынша, Ирақ үкіметі бұл мәселені шешу үшін тек қаржы ғана боліп қоймай, сондай-ақ нақты міндеттемелерін орындауы керек.

Бағдадта ирақтық әріптестерімен кездескен Швартцтың атап көрсетуінше, келесі жылы АҚШ ресмилері 17 мыңға жуық ирақтық босқынды АҚШ-та орналастыруға рұқсат бермекші.
XS
SM
MD
LG