Accessibility links

Клинтон: АҚШ Ауғанстанда қалуға мүдделі емес


Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон АҚШ Ауғанстанда қалуға мүдделі емес деп мәлімдеді. Американдық ABC телеарнасынан сөйлеген сөзінде Клинтон "біздің ол жерде ұзақ мерзімге қалуға мүддеміз жоқ, осыны нақты етіп көрсеткіміз келеді" деп атап көрсетті.

Клинтонның айтуынша, АҚШ-тың Ауғанстандағы мақсаты Әл-Қаиданы жеңу және ауған халқына өздерін Талибаннан қорғауға көмектесу боп табылады. Ол сондай-ақ АҚШ үкіметі ауған президенті Хамид Карзай мен оның үкіметінің жақсырақ жұмыс атқара алатынына сенеді деді. Бұл туралы АҚШ үкіметі Карзаймен келіссөздерінде айтқан деп мәлімдеді Клинтон.
XS
SM
MD
LG