Accessibility links

Алматы облысында 32 адам тамақтан уланып, ауруханаға түскен


Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысында 32 адам тамақтан уланып, ауруханаға түскен.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұйғыр аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына 10- қараша күні түскен 32 адамның 10-ы Шонжы ауылынан, 15-і Үлкен Ақсу, 4-і Шошанай, 3 –і Қыңғысай ауылынан.

«Торт жеп уланған науқастардың қазіргі жағдайы орташа. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы күдікті өнімнен сынама алып, санитарлық-микробиологиялық тексеру жүргізді», — делінген баспасөз хабарламасында.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG