Accessibility links

«Манас» әуежайы президентінің көлігін тартып әкеткен


Қырғызстан ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, жексенбі күні түнде белгісіз біреулер «Манас» халықаралық әуежайы ААҚ-ның президенті Бақтыбек Сыдықовты пышақпен қорқытып, оның Toyota Land Cruiser маркалы көлігін, 1,9 мың доллары мен 350 евросын, өзінің және көлігінің құжаттарын, ұялы телефонын алып кеткен.

«Қазір бас сүйегіне зақым келген әуежай президенті ауруханада жатыр, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот сараптамасы белгіленді», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
XS
SM
MD
LG