Accessibility links

Президентке қойылған сұрақтарға 10-желтоқсанға дейін жауап беріледі


Қазақстандықтардың мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа «тікелей желінің» веб-порталы арқылы қойған, эфирден айтылмаған сұрақтарына 10-желтоқсанға дейін БАҚ-та жауап беріледі

«Мәдениет және ақпарат министрлігіне сәрсенбіге дейін үкіметтің құрамына кіретін және мемлекет басшысына есеп беретін министрліктер мен ведомстволар жауаптарының кестесін жасауды тапсырамын», — деді ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін.

Оның айтуынша құзырлы мекемелердің жауаптары осы аптаның сәрсенбісінен бастап, 10-желтоқсанға дейін мемлекеттік БАҚ-та жарияланады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптаның жұма күні мемлекеттік телеарналар мен радионың тікелей эфирінде азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев 2 сағат 50 минут уақыттай республика халқынан келіп түскен 32 мыңнан астам сауалдың 40 шақтысына ғана жауап беріп үлгерген.
XS
SM
MD
LG