Accessibility links

Жаңаөзен мұнайшылары тағы да аштық жариялады


Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының мұнайшылары жалақыларын көбейту мен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы басшылығының орнынан кетуін талап етіп, тағы да аштық жариялады.

«Азат» партиясының Жаңаөзен қалалық бөлімінің төрағасы Ақжанат Әминовтың айтуынша, наразылық акциясына 30 адам қатысып отыр және күн сайын олардың саны көбейе түсуде. Сондай-ақ мұнайшылар талаптары орындалғанша аштық жариялауларын тоқтатпаймыз деп отыр.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының мыңдаған жұмысшысы 23 -қазан күні таңертең сағат 8-дегі вахтаға шығудан бас тартып, өндірісті бір жарым сағатқа тоқтатқан еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG