Accessibility links

Иранның атом электр стансасын іске қосу кейінге қалды


Ресей осы жылдың аяғында іске қосылады деген Иранның Бушер атом электр стансасының жұмысы әзірге басталмайды деді.

Ресейдің энергетика министрі Сергей Шматько бұл мәлімдемені дүйсенбі күні журналистер алдында жасап, ол техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылады деген. Бірақ оның қашан ашылатынын айтпады.

Иранның оңтүстігіндегі Бушер зауытының ашылуы бірнеше рет кейінге қалды. Ресей өткен жылы келісім-шарт бойынша Ирандағы Бушер стансасына құны 1 млд доллар болатын ядролық отын жеткізген.

Ресей Иранның ядролық бағдарламасына байланысты Батыс елдерінің алаңдаушылығына қарамастан, Бушер жобасындағы жұмысын жалғастырған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG