Accessibility links

Обама қытайлық әріптесімен келіссөз өткізу үшін Бейжіңге жетті


АҚШ президенті Барак Обама үш күндік сапарымен Бейжіңге барды. Обама кешкі ас кезінде Қытай президенті Ху Дзиньтаомен кездеседі.

Ал сейсенбі күнгі келіссөздерінде сауда-саттық мәселес, Иран мен Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы және ғаламдық жылыну туралы талқылайды.

Дүйсенбі күнгі Шанхайдағы студенттермен кездесуінде Барак Обама Құрама Штаттар мен Қытай жауласпай, бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуы керек деген. Оның бұл президент болғаннан бергі Азияға алғашқы сапары.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG