Accessibility links

Римдегі саммит әлемдегі аштықты азайтуға арналды


Бүгін Италия астанасы Римде ашылған саммит дүниежүзіндегі аштықтын зардап шегіп жатқан жүз миллиондаған адамға қалай көмектесу керек деген мәселені қарап жатыр.

Үшкүндік саммитке әлемнің 60 шақты жетекшісі, ауылшаруашылық министрлері мен басқа да жетекші ресмилері қатысуда.

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы ұйымдастырған. БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун жиынның ашылуында сөз сөйлеп, азық-түлік дағдарысы ертеңгі күнге ескерту деді.

Ұйымның Азық-түлік агентігінің айтуынша, аштықтан зардап шегіп жатқандар саны соңғы жылдары экономикалық дағдарысқа байланысты қатты өсіп жатыр.
XS
SM
MD
LG