Accessibility links

Қазақстан судьялардың съезі өткізіледі


Ертең Астанадағы «Тәуелсіздік сарайында» Қазақстан Республикасы судьяларының V съезі басталады.

Бұл туралы хабарлаған Қазақстан Жоғарғы сотының мәліметінше, форумға республиканың барлық аймақтарының орталық мемлекеттік және құқық органдарының басшылары, заңгерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен шетелдік қонақтар қатысады.

Съезде судьялардың берілген міндеттерді орындауы жөніндегі жұмыс қорытындысы, жүргізілген сот реформасының нәтижесі мен белгіленген жаңа міндеттер талқыланады.

Сондай-ақ құқықтық сот реформасын жүзеге асырудағы судьялар бірлестігінің қоғамдық рөлі және заңнамаларды жетілдіру, судья әдебін сақтаудың нормасы, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері қарастырылып, съезд жұмысының қорытындысы бойынша қарар (резолюция) қабылданбақ.
XS
SM
MD
LG