Accessibility links

9-желтоқсанда экс-министр Нұрлан Ысқақовтың апелляциялық шағымы қаралады


9-желтоқсан күні бұрынғы Экология және қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов пен «Меркурий плюс» ЖШС-нің өкілі Әділбек Жайылғановтың апелляциялық шағымы Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасында қаралады, — деп хабарлайды «Новости-Казахстан» агенттігі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биылғы жылдың 16-қазаны күні Қазақстан экология министрлігінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі қараған Астананың Есіл аудандық сотының үкімі бойынша экс-министр Нұрлан Ысқақов Қылмыстық кодекстің 307-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол жазасын жалпы тәртіптегі қамау мекемесінде өтейді. Сондай-ақ Нұрлан Ысқақовқа 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды.

Үкім шығарылғаннан кейін Нұрлан Ысқақов онымен келіспейтіндігін айтып, апелляциялық шағым жазатынын мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG