Accessibility links

Астанадағы өрттен қаза болған ресейліктердің отбасыларына қаржы бөлінді


Астанада болған алапат өрттен қаза болған Ресейдің бес азаматының отбасына 3,3 мың доллардан қаржы бөлінді, — деп хабарлады РФ Сыртқы істер министрлігінің ақпарат департаменті.

Астана қаласындағы көкөніс қоймасындағы 9-қараша күнгі өрттен қаза болған ресейліктердің мәйіттері 14-қарашада еліне жеткізілген.

«Марқұмдардың денелерін елге жеткізу мен жерлеу шығындарын құрбан болғандар келісім-шартпен жұмыс істеген фирма мойнына алды. «АстанаПром» ЖШС «Ресей жинақ банкі» арқылы олардың отбасыларына 500 мың теңгеден (шамамен 3,3 мың доллар шамасында) материалдық көмек көрсетті», — делінген ресейлік ведомство таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ құрбан болған ресейліктердің отбасыларына Қазақстан президентінің тапсырмасымен берілетін 1 миллион теңге көлеміндегі бір жолғы өтемақының төлену тәртібінің анықталу үстінде екені хабарланды.
XS
SM
MD
LG