Accessibility links

Қорғаушы Айдын Жантелеевтің өз куәгеріне қысым көрсетіп отырғанын мәлімдеді


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгін Айдын Жантелеевтің ісіне куәгер ретінде тартылған Мұхит Тағаевтың қорғаушысы Теңгебек Бәйімбетов куәгерге айыпталушының қысым көрсеткенін мәлімдеп, Бас прокуратурадан мұндай жағдайлардың қайталанбауын және тергеудің әділ өтуін сұрап, шағым-хат жазды.

Бұдан бұрын хабарланымыздай, Қаржы полициясының Алматы қалалық бөлімшесі бастығының орынбасары Айдын Жантелеев 5 -қараша күні есірткі сақтады деген күдікпен Алматы қаласында ұсталған еді.

Теңгебек Бәйімбетовтің айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексі 259-бабының 1-тармағы бойынша айыпталған Айдын Жантелеев қазір бостандықта. Оның ҰҚК-нің тергеу абақтысынан қашан шығарылғанын ол нақты айтқан жоқ. Аталмыш іске сонымен қатар тағы бір куәгер Ғани Адамбеков есімді азамат та тартылып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG